Жан тапсырған соң ең алғашқы жасалатын іс ол – мәйітті жуындыру. Сол себепті, шариғат кітаптарында бөлімнің басында тұрады.
Мәйітті жуу – тірілерге парыз кифая (мұсылмандардың бір тобы оны орындаса, қалған жамағаттың мойнынан түсетін амал). Яғни, сүйекке бірнеше кісі кірсе, басқаларға парыз амалынан түседі. Егер де ол амалды ешкім орындамайтын болса, сол жақтағы мұсылмандарға күнә болып жазылады.
Мүмин адамның мәйітінің жуылуы – мұсылмандар мойындағы міндетті іс. Мәйітті бір рет жуу – парыз, бірнеше рет тақ қылып жуу – ұнамды амал «әл – Мабсут».
Фиқһ ғалымдарының барлығы мәйітті жуудың міндеттілігіне бір ауыздан келіскен. Мәйітті жуудың тарихы Адам атадан басталады.
Риуаят бойынша Адам ата қайтыс болған соң оның денесін періштелер жуған. Содан соң олар оның ұлына: «Міне, осы сендердің өлілерің үшін жасалатын сүннет іс», - деген. Бұл жердегі сүннет сөзі уәжіп деген сөзді білдіреді. Адам атадан бастап қазірге кезге дейін адамзат баласы бір – бірінен үйреніп жалғасып келеді. Бұл істі тәрк еткен адам ежелден келе жатқан жолды тастап, кінәлі болады [1].
Мәйітті жуындыру шарттары:

Марқұмға ғұсыл алдыру, жуындыра білу үшін белгілі шарттар бар. Ол шарттар мыналар:
- Мәйіт мұсылман болу ләзім;
- Өлі туған болмауы тиіс;
- Мәйіт денесінің жартысынан немесе басымен бірге жартысынан көбі яки басымен бірге жарты денесі болуы қажет (басы жоқ мәйіттің жаназасы шығарылмайды;
- Марқұмның шәһид болмауы.
Себебі, пайғамбарымыз (с.а.у) Ухұд маңындағы соғыста қаза тапқан шаһидтерді: «Оларды денелеріндегі қандарымен бірге (жумай) жерлеңдер», - деген. Яғни Ухұд соғысында қаза тапқандар жуылмады. Су жоқ жерде немесе жуу үзірлі жағдайда (мысалы: мәйіт жанып кетсе, немесе үстіне су құйғанда ыдырап тұрса) мәйітке тәйәммум (сусыз жерде таза жерге не топыраққа қол соғып алатын дәрет) жасау – жуу болып есептеледі. Мәйітке су құйғанда терісі ыдырамаса, тәйәммум жасауға да келмесе, суды себелеп құюға болады.
Мәйіттің әуретіне қарамау
Мәйіттің әуретіне қарамау
Мәйіттің әуреті (кіндік пен тізенің арасы) жуындыратын кезде және жуындырып жатқанда жабық болуы керек. Мәйіттің әурет жеріне жалаң қол тигізу немесе оған қарау – харам. Өйткені, мәйіт әуретіне қарау тірі адам әуретіне қараумен бірдей. Сол сияқты әйел кісінің әйелді жууы кезінде әуретіне қарауы да – харам.
Ер адамдардың әйелдерді немесе әйелдердің ерлері жууы

Мәйіттің әуретін жуар кезде қолды шүберекпен орау – уәжіп. «Бахр ар – Раиқта»: «Мәйіт әуретін жуатын кісі қолын шүберекпен орағаннан кейін, мәйіт үстіне жабылған мата астынан жуады. Жууышының қолы мәйіт әуретіне жалаңаш тимеуі керек. Өйткені, әуретке қол тигізу және қарау харам» - делінген.
Қайтыс болған әйелді күйеуінің жууына болмайды. Ал күйеуі қайтыс болса, ол кезде әйелі жуа алады. Себебі, күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі 4 ай 10 күн идда (басқа күйеуге шығуға болмайтын мерзім) күтуі керек болғандықтан, некелері жалғасқан болып саналады. Немесе, күйеуі қайтыс болмай тұрып, әйеліне «ражғи талақ» (қайтарып алуға болатын талақ) айтылса (берілсе) және қайтыс болған сәтте берілген талақ иддасының мерзімі бітпеген болса, ол кезде де әйелі күйеуін жуындыра алады. Ал егер күйеуі әйеліне қайтыс болмай тұрып «талақ баин» (қайтарылмайтын талақ) берген болса, онда ол кезде «идда» уақыты бітсе де бітпесе де, күйеуін жуа алмайды.
Егер дүние салған әйелді жуатын әйелдер табылмаса (әйел ер адамдардың арасында қайтыс болып, жуатын әйел табылмаса, ол кезде әйел сапарда қайтыс болған болып саналады), мәйітке тәйәммумды оның махрамы (жақын туыстары) істейді. Бірақ қасында жақыны болмаса, ол кезде мәйітке қасындағы біреуі тәйәммумды қолын шүберекпен орап жасайды.
Ғұсылдан бұрын мәйітке дәрет алдыру

Тірі адамның ғұсыл құйатыны секілді мәйітке де аузы мен мұрнына су құймастан дәрет алдыру – мұстахаб (ұнамды амал). Мәйіттің аузы мен мұрнына су құю мүмкін болмағандықтан бас бармақ пен сұқ саусақты шүберекпен орап, оны сулап, мәйіттің аузына, қызыл иегіне және мұрнына мәсіх тарту (қолды сулап сүрту, сипау) – мұстахаб. Бұл іс аузы мен мұрнын шаю орнына жүреді.
Иіс май қосып жуу
Иіс май қосып жуу
Жуындыратын суға иіссу (алкогольсіз) немесе соңан ұқсас иіс май араластырып жуу – мұстахаб. Ақырғы рет иіс сабынмен жуу да – мұстахаб.
Мәйітті жылы сумен жуу
Мәйітті жылы сумен жуу
Мәйітті барлық уақытта жылы сумен жуған абзал: «Біздің мәзһабымызда барлық уақытта жылы су абзалырақ», - делінген [2].
Мәйітті қандай адам жуу керек?
Мәйітті қандай адам жуу керек?
Мәйітті жууға лайықты кісі – ең жақын туысы. Мәйітті жуатын адам әдепті де тақуа болуы – мұстахаб [3]. Мәйітті жуу кезінде мәйіттің кемшілігін (иістенгені, немесе басқа да кемшіліктерін) айтпау қажет. Бұған қатысты ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Кім мәйітті жуындырса, оған қатысты аманатты атқарса, одан көрген нәрсесін жасырса, күнәларынан анасынан туған күндегідей тазарып шығады» [4].
Мәйітті жуындыратын адамның жүніп немесе етеккір күйде болуы – мәкруһ. Мәйітті жуындырып болғаннан кейін құрғатып сүрту қажет, содан кейін ғана кебіндеулуі керек.
Мәйітке жасалуы мәкруһ нәрселер

Мәйіттің сақалы, шашы таралмайды. Сонымен қатар шашы, тырнақтары алынбайды, сақал – мұрты қысқартылмайды, қолтығы мен әурет жеріндегі түктер алынбайды. Мәйіт қайтыс болғанда қандай күйде болды, сол күйі жуып, жерлеу керек. Егер де шашы немесе тырнағы түсіп қалған жағдай да, мәйітпен бірге көму үшін оларды кебінге салып қою ләзім. Бұл – Әбу Ханифа (р.а) мәзһабы ғұламалары келіскен үкім. Мәйіттің шашы мен сақалы таралынбайды, шаштары мен тырнақтары алынбайды [5]. Мұрты басылмайды, қолтық және дене түктері қырылып тазаланбайды [6].
Мәйітті жуу үлгісі
Мәйітті жуу үлгісі
Мәйіт биіктеу орынға жатқызылады. Жуу кезінде жуатын және оларға көмек беретін адамдардан өзге адамдар болмауы – сүннет. Жуатын кісі қолын шүберек орап не болмаса медициналық қолқапты киіп, сумен мәйіттің әуретінің алды – артын жуып истинжа (үлкен және кіші дәрет секілді ластықтардан тазалайды) жасайды.
Әбу Ханифа (р.а) бойынша мәйітке алдымен истинжа жасап, содан соң дәрет алдырады. Егер мәйіт туылғанда дауыс шығармаған шарана болса, дәрет алдырмайды, жаназа оқылмайды.
Мәйітті жуғанда, екі қолынан емес, бетінен бастап жуады. Әдетте адам денесін өзі жуатын болғандықтан, екі қолы таза болуы шарт. Сол себепті дәрет алу үшін ең бірінші қол жуылады. Ал мәйітті басқа адам жуғандықтан, ең алдымен оның беті жуылады. Жуушы сулы шүберекке оралған саусақтарымен мәйіттің аузы мен мұрнын сүртеді. Содан соң мәйіттің сақал немесе шашы бар болса, оны сабындап жуады», - дейді. Егер мәйіттің шашы болса, тірі адам сияқты жуындырылады.Ал керісінше мәйіттің шашы жоқ болса, сабынсыз таза сумен жуу жеткілікті. Мәйіт басынан мәсіх тартылады. Оң жағынан бастап жуу үшін мәйітті сол жағына жатқызып, басынан аяғынан дейін 3 рет су құяды. Мәйіттің арқасын жуу үшін етпетінен жатқызуға болмайды. Су екінші жағына жету үшін ыңғайлап әрі – бері қозғайды.
Мәйіттің денесіне бір су тисе, парыз кифая болады. Тағы екі рет жуу (үшке толтыру) – мұстахаб. Содан соң оны сүйеп отырғызып, жай ішін басып сипау керек. Егер нәжіс шықса, жуып тастайды. Кейін мәйіттің сол жақ бүйіріне жатқызып, оң жақ бүйіріне су құю керек. Бастапқы 2 ғұсылда мәйітті жылы сумен сабындап жуу керек. Үшінші рет жуғанда, иіссу немесе иіс май қосылады. Кейін мәйіт денесі құрғатылады. Соңында иіс май жағу мұстахаб.
Егер мәйіт бөлшектеніп кеткен болса, егер реті келсе, оларды жинап, үстіне су құйып, жуады. Ал егер мүлде жинауға келмейтің болса, онда жуылмайды.
Жуылған мәйіттен нәжіс шықса не істек керек?

Егер де мәйіт денесінен қан, ірің немесе сол сияқты дәрет бұзар нәжіс шығатын болса және ол кебінге тисе, бірақ мәйіт кебінге әлі оралмаған болса, онда мәйітке оның зияны жоқ. Тек кебінделмей тұрып ластанған жерлері жуылады. Нәжіс кебінді қатты ластайтын болса, кебіні жауылады немесе кебіні ауыстырылады. Себебі, мұндай жағдайда мәйітке жаназа намазы оқылмайды. Бірақ мәйіт қайта жуылмайды. Ал егер мәйіт денесіндегі ауыр жарақат салдарынан қан, ірің секілді нәжіс нәрселер қайта – қайта шыға беретін болса, қайтадан жуылмайды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
(Алауддин әл – Касанидің «Бәдәи ас – санаиғ» кітабынан).
-
Әс – Сарахсидің «әл – Мухит» атты кітабында және «әл – Аламгирия пәтуаларында» һәм «Бахр ар – раиқта»
-
«Әл – Аламгирия пәтуасында»
-
Ибн Мәжә риуаяты.
-
Әс – Сарахсидің «әл – Мухит» кітабынан.
-
(«Әл – һидая» кітабынан).
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.