Қайтыс болған адамды жуындырып, кебіндеп болған соң, жаназа намазына асыққан жөн. Өйткені, дінімізде жаназа намазын күттірмеуді бұйырған.
Әбу Һурайра (р.а) Алла Елшісінің (с.а.у) былай деп айтқанын естіген: «Мұсылманның мұсылмандағы қақы бесеу: сәлеміне жауап беру; сырқаттанса, көңілін сұрау; жаназасына қатысу; шақырса бару; түшкірсе, Алланың рахымын тілеу» [1].
Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жаназаны тезірек оқуға асығыңдар. Егер ол қайырлы болса, (жақсы адамның жаназасы болса) сендер ұсынатын ең жақсы амал. Ал егер олай болмаса, мойындарыңнан алып тастап құтылатын бір жамандық», - деген [2].
Айша анамыз (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қандай да бір мәйітке жүз мұсылман жаназа оқыса, шапағат тілесе, оған (марқұмға) шапағат етеді», - деген [3]. Басқа риуаятта «қырық адам болса» делінген.
Хатим әл – Асам былай деген екен: «Асыққан – шайтанның ісі. Тек бес жағдайда асығу: келген қонаққа ас беруге, мәйітті аттандыруға, балиғатқа толған қыз баланы ұзатуға, қарызды қайтаруға, істелген күнәға тәубе жасауға асығу – Пайғамбардың (с.а.у) сүннеті».
Мәйітті аттандыру кезінде тыныштық сақтау керек. Дауыс көтеріп жоқтау айту, жылап – сықтау дұрыс емес. Әйелдер табыттың соңынан еріп бармайды.
Жаназа намазының үкімі. Жаназа намазы – парыз кифая. Жаназа намазын ешкім өтемесе, сол ауылдың немесе кент тұрғындарының барлығы күнәһар болады. Егер жаназа намазына қауымның бір тобы немесе бір адам оқыса, басқалардың мойнынан парыз міндеті түседі. Жаназа намазына қатусу үшін ешкімді мәжбүрлемейді. Алайда, жаназа намазына қатысқан кісі мол сауап алады.
Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.у) былай дейді: «Кімде – кім бір адамның жаназасына қатысса, оған бір қират сауап бар. Ал кім жерленгенше қатысса, оған екі қират сауап болады». Адамдар: «Екі қират» деген не?» - деп сұрағанда, Алланың Елшісі үлкен таудай сауап дегенді білдіреді», - деп жауап береді [4].

Жаназа намазының сипаты. Жаназа намазында имам мәйіттің кеуде тұсында тұрады. Жаназа намазының парызын өтеуге ниет етеді. Имам «Аллаһу Әкбар» деп құлақ қағып, қолын байлап «Сәнә» дұғасын оқиды. Одан кейін қол көтермей екінші рет «Аллаһу Әкбар» деп, Пайғамбарымызға (с.а.у) салауат оқиды. Осыдан соң үшінші рет қол көтермей «Аллаһу Әкбар» деп, жаназа дұғасын оқиды. Төртінші рет қолдарын көтермей «Аллаһу Әкбар» деп, тәкбір айтқаннан кейін екі жағына сәлем береді. Қол сәлем бергеннен кейін ғана түсіріледі. Имам тәкбірлерден басқасын іштей оқиды.
Жаназа намазының шарттары:
- Мәйіт мұсылман болуы керек. Мұсылман емес кісіге жаназа намазы оқылмайды.
- Намазға мәйіттің бар болуы шарт, жоқ мәйітке жаназа намазы оқылмайды.
- Мәйіт жуылмайтын немесе су жоқ жағдайда тәйәммүм жасалады.
- Мәйіт жамағаттың алдына көлденең қойылуы керек.
- Жаназа намазын оқитын кезде мәйіт көлік үстінде, адамдардың қолдарында немесе иықтарында болмауы керек.
Жаназа намазын оқушының тиісті 4 шарты бар:
- Дәретті болу;
- Ниет ету;
- Әуретінің жабық болуы;
- Құбылаға қарау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Бұхари риуаяты
-
Бұхари риуаяты
-
Нәсәи риуаяты
-
Бұқари риуаяты
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.