Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институты

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ  БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ ХУСАМУДДИН АС-СЫҒАНАҚИ АТЫНДАҒЫ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыты саналатын бұл сала бойынша биыл бірқатар маңызды іс-шаралар атқаруды жоспарладық. Жыл басындағы бағдарлық баяндамамда елордадан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығын» ашуды ұсынған болатынмын. Бұл орталықтың мақсаты – имамдарға терең білім беру, классикалық еңбектерді оқыту, араб тілін жетік меңгеруіне ықпал ету, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін ашу. Сондай-ақ діни білім іздеп шетелге кететін жастардың өз елімізде білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Міне, бүгін өздеріңіздің алдарыңызда осы институттың ашылу салтанатын өткізіп отырмыз. Сығанақ көшесінің бойында орналасқан Ислам институтына елімізден шыққан дін ғұламасы Хусамуддин ас-Сығанақи бабамыздың есімі беріліп отыр»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Хусамуддин әс-Сығанақи институтында Нұр-Мүбарак университетін, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледжерді тәмамдаған түлектер мен имамдар білімін тереңдете алады.

Жас қариларды жігерлендіру мақсатында институт жанынан Ижаза беру орталығы ашылды. «Бірнеше бағыттан тұратын Ижаза беру орталығын тәмамдаған шәкірттер ижаза куәлігіне қол жеткізеді. Бұл – терең діни білім алам, Құранды толық жаттаймын деген жас мамандардың, болашақ ғалымдардың рухани әрі ғылыми орталығы болады деген сенімдемін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры қызметіне Бағдат Манабаевтың тағайындалды.

Биыл Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы Ислам институтына 46 шәкірт оқуға түсті. Институтқа құжаттар қабылдау тамыз айында жүргізілді. Емтихандар 5-7 қыркүйек аралығында елордада өтті. Талапкерлер араб тілі, құранды жатқа оқу және тәжуид ережелері бойынша емтихан тапсырды. Емтихан қабылдаған комиссия мүшелері құрамында мысырлық докторлармен қатар ҚМДБ ғалымдары да болды.

Еліміздің 13 өңірінен 70-тен астам талапкер институтқа құжат тапсырды. Емтихан нәтижесі бойынша, 46 талапкер Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтына оқуға қабылданды. Оқуға түскен шәкірттердің 27-сі – Ислам ілімдері бөлімінде, 19-сы Құран ижазасы бөлімінде оқиды.

Оқуға қабылданған 46 талапкердің 10-ы – үздік диплом иелері. 23-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аясында имамдық және ұстаздық қызмет атқарады.

Әлеуметтік желілер

"Уақып" қоры © Барлық құқығы қорғалған

Search