Мәйітті кебіндеу – мұсылмандар үшін парыз кифая. [1] Кебін мәйіттің денесін түгелімен жауып тұруы тиіс. Мәйіт ер немесе әйел болсын, егер кебін келте болса, мұсылмандар мойнынан парызы өтелмеген болып есептеледі. Кебіннің ақысы мәйіттің өз мал – мүлкінің есебінен алынуы - уәжіп. Мал – мүлкі болмаса, кебіннің ақысын туыстары немесе қайтыс болған кісіден жақсылық көрген адамдар төлейді.
Қайтыс болған әйел кісінің кебінін ері төлеуі міндет. [2] Туыстарының кебіндеуге жағдайы болмаса, мұсылман жамағатына, яғни жағдайы бар кісіге жүктеледі. Кебін үкімі секілді мәйітті арулап жерлеу рәсімі де қауымға міндет.
Қайтыс болған әйел кісінің кебінін ері төлеуі міндет. [2] Туыстарының кебіндеуге жағдайы болмаса, мұсылман жамағатына, яғни жағдайы бар кісіге жүктеледі. Кебін үкімі секілді мәйітті арулап жерлеу рәсімі де қауымға міндет.
Кебіннің түрлері мен сипаттары, үкімі. Кебін – ақ түсті, бірақ ол дәке (марло) секілді жұқа болмауы керек. Оның жаңа немесе ескі болуы маңызды емес. Кебіннің үш түрі бар:
- Сүннет кебін;
- Кифая кебін
- Зәру кебін
- Сүннет кебін: ерлерге де, әйелдерге де қажет 3 қабат кебін, олар: қамис (көйлек), изар (шалбар) және лифафа (сырт орау). Қамис мәйіт мойнынан балтырға дейін жететін болуы керек. Әйелдерге қосымша бастарына химар (орамал) және көкіректеріне байланатын көкірекше болғаны жөн. Әйелдер кебіні 5 қабат болады. Көйлектерінде жең болмайды және оның ешбір жері ашық қалмауы керек. Ал лифафа мәйіттің бас және аяқ жағынан да байланатындай артығымен алынады. Кебіндегеннен кейін мәйіттің бас – аяғы және кебінінің ортасы ашылып кетпес үшін кебіннен алынған матамен белін байлауға болады.
- Кифая кебін: Ерлерді тек изар немесе лифафаға орау, ал әйелдерді басына химар (орамал) мен көкірегіне кеудеше байлап, көйлексіз лифафаға орау керек.
- Зәру кебін: өте зәру кезінде мәйіт табылған матамен, тіпті болмаса мәйіттің шариғатта әурет саналатын жерлерін жабатындай матамен кебінделеді. Кебіндейтін ешнәрсе табылмаса, мәйіт өз киімімен кебінделеді. Егер қайтыс болған кісі өте кедей немесе біреуге қарызы болса, мәйіт кифая кебінмен кебінделеді.
Мәйітті кебіндеу. Сүннет бойынша ер кісінің кебіні үшеу: лифафа, изар, қамис. Ең аз түрі изар мен лифафа болуы керек. Үзірсіз жағдайда бір ғана киіммен шектелу мәкруһ саналады.
- Изар басынан бастап аяғына дейін, лифафа да сондай мата болуы керек.
- Қамис жеңсіз, қалтасыз мойнынан аяққа дейін болады.
- Әуелі лифафа матасы төселірп, оның үстіне изар төселінеді. Жуылған мәйіт құрғатылған соң изарға жатқызылады. Сосын қамисы кигізіледі. Басына және сақалына хош иісті әтір суы себілсе рұқсат. Сәжде жасайтын мүшелер – маңдайы, мұрны, екі алақаны, екі тізесі, табандарына жұпар иісті кафур өсімдігін, қалампыр қойса рұқсат. Содан соң сол жағынаноң жағына қарай изармен оралады. Лифафа да осылай оралады.
Сүннет бойынша әйелдің кебіні бесеу: лифафа, изар, қамис, орамал жеткілікті болуы керек. Ал хариқаның ені әйелдің төсінен санына дейін болғаны дұрыс.
Әйел мәйітті кебіндегенде, алдымен лифафа жайлып, оның үстіне изар төселінеді, қамис кигізіледі, сосын кеудеше матасымен көкірегі байланады. Екі шашын екі бөліп, кеудешесінің сыртынан кеудешесінің сыртынан кеудесінің үстіне орамал кигізіледі. Осылар орындалған соң алдымен изар, одан кейін лифафаға орап, мәйіт бас пен аяқ жағынан және ортасынан буылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
«Әл – Аламгирия», «Фатхул – Қадир»
-
«Раддул – мухтар»
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.