Маңғыстауда «Уақып – сарқылмас қазына» атты семинар өтті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ жанындағы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлының қатысуымен «Уақып – сарқылмас қазына» атты өңірлік семинар өтті.
Семинарға облыстың бас имамы бастаған қалалық және аудандық мешіт имамдары қатысты.
Шара барысында уақып ұғымының шариғи мәні мен тарихи негізі, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы уақыптың рухани және әлеуметтік рөлі кеңінен түсіндірілді.
Азамат Әбдікерімұлы өз баяндамасында «Уақыпнама» ұғымының мазмұнын және оның іс жүзіндегі маңызын жан-жақты түсіндіріп, сондай-ақ «Қазақ Құран баспасы» жобасы туралы толық ақпарат берді.
Ол аталмыш баспаның елімізде Құран басып шығару ісін жолға қоюдағы рөлі мен мұсылман қауымына тигізер пайдасына тоқталды.
Сонымен қатар, қор директоры ҚМДБ «Уақып» қорының республика көлемінде атқарып жатқан жобалары мен жаңа бағыттағы бастамаларына тоқталып, уақыптың қоғам бірлігін арттырудағы және қайырымдылық мәдениетін қалыптастырудағы орнына ерекше назар аударды.
Семинар соңында қатысушылар уақып мәдениетін дамыту, имамдар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және жергілікті деңгейде нақты уақып жобаларын іске асыру жөнінде пікір алмасты.