ҚМДБ «Уақып» қорының директоры Маңғыстау өңірінде жамағатпен кездесті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ жанындағы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы жергілікті жамағатпен кездесу өткізді.
Кездесуде Азамат Әбдікерімұлы уақып ұғымының шариғи негізі мен рухани мәнін кеңінен түсіндіріп, уақып мәдениетінің қоғамдағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, қордың республика көлемінде жүзеге асырып жатқан жобалары мен қайырымдылық бағытындағы жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, уақыптың — жеке адамның имани кемелденуіне, қоғамның рухани тұрақтылығына және ізгі істердің ұдайы жалғасуына жол ашатын жүйе екендігін тілге тиек етті.
Кездесу соңында жамағат тарапынан уақып істеріне қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Қор басшысы өңірде уақып мәдениетін дамыту және қоғам игілігіне бағытталған жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.