Батыров Алмасбек Жұманұлы уақыпнама алды
Алматы қаласында уақып мәдениетін насихаттауға бағытталған игі бастамалардың бірі ретінде танымал кәсіпкер, блогер, “Bionic” тұрмыстық техника компаниясының иесі Батыров Алмасбек Жұманұлы арнайы Уақыпнама алды.
Алмасбек Жұманұлы – халыққа сапалы тұрмыстық техника ұсынып жүрген, тұтынушылар сеніміне ие кәсіпкер. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде пайдалы ақпарат таратып, мотивациялық бағыттағы жазбаларымен көпшілікке ой салатын танымал блогер. Оның кәсібі мен қоғамдық белсенділігі көптеген жас кәсіпкерлерге үлгі болып келеді.
Уақыпнама алу арқылы Алмасбек мырза қайырлы істің қатарынан табылып, табысынан белгілі бір бөлігін халықтың игілігіне бағыттауға ниет білдірді. Уақып – бұл үзілмейтін сауап, адамдарға тұрақты түрде пайда әкелетін садақа түрі. Мұндай игі бастама қоғамдағы мейірімнің артып, жақсылықтың көбейуіне себеп.
Алмасбек бауырымыздың уақып жасауға қадам басуы – өзге кәсіпкерлерге де үлгі боларлық іс. Бұл әрекет тек бір күндік көмек емес, болашақ ұрпаққа қызмет ететін ұзақ мерзімді қайыр жолы.
Алла Тағала Алмасбек бауырымыздың ниетін қабыл етіп, кәсібіне береке, табысына құт-береке, отбасына амандық нәсіп етсін!
Уақыбы өзіне ахирет нұры, қоғамға тұрақты пайда болсын!