ҚМДБ Төрағасы Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазретіміздің бастамасымен Алматы қаласы бойынша жүзеге асырылып жатқан игі жұмыстардың бірі ретінде Алатау ауданы, Ал-Азим мешітінің жанынан жаңа қасапхана ашылды.
Аталған қасапхана құрбандық және қайырымдылық мақсатында шалынатын малдарды шариғат талаптарына сай сою үшін қызмет көрсетеді. Бұл нысан мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде атқаруға мүмкіндік береді.
Жаңа қасапхананың ашылуы — мешіт жанындағы қайырымдылық қызметті нығайтып, құрбандық және садақа бағытындағы сауапты амалдардың тұрақты түрде атқарылуына жол ашатын маңызды қадам