Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры кәсіпкер, Ешенқұлов Дәурен Досанұлына «Уақыпнама» табыстады.
Сертификатты ресми түрде Уақып қорының директоры, Азамат Абдикеримұлы салтанатты жағдайда табыстап, кәсіпкердің мешіт ісі мен қоғамдық сауапты жобаларға қосқан үлесіне алғыс білдірді.
Дәурен Досанұлы өз кәсібінен түсетін табыстың белгілі бір бөлігін тұрақты түрде Уақып қоры арқылы мешіт қызметін, діни білім мен қоғамдағы рухани құндылықтарды қолдауға бағыттап отыр. Бұл – кәсіпкерлік пен қайырымдылықтың үйлесім тапқан көрінісі.
Құран Кәрімде былай делінген:
“Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар…”
(Әли Имран сүресі, 92-аят)
Уақып қоры Ешенқұлов Дәурен Досанұлына және оның кәсібіне Алладан мол береке тілей отырып, шынайы ризашылығын білдіреді. Мұндай жанашыр жандардың қолдауы арқылы қоғамда рухани жаңғыру мен дініміздің өркендеуі жалғасатынына сенеміз.
УАҚЫП КОРПОРАТИВТІК ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ