Шымкент қаласында “Уақып – Сарқылмас қазына” атты семинар өтті
2025 жылғы 27 маусым күні Шымкент қаласындағы Сейітжан қари мешітінде “Уақып – Сарқылмас қазына” атты республикалық семинар өтті.
Игі шараға қала имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бағдарламалық баяндамасында көтерілген негізгі бағыттар кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, елімізде қолға алынған “Қасапхана” жобасының маңыздылығы, дайындалып жатқан ұлттық “Қазақ Құран баспасының” қажеттілігі, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Уақып қорын жандандыру, қайырымдылық мәдениетін нығайту және діни қызметтің бірізділігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Шарада “Уақып” корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Абдикеримұлы арнайы баяндама жасап, уақып жұмыстарының қоғамдағы орны мен рухани-әлеуметтік маңызын жан-жақты баяндады.
“Уақып – бұл сарқылмас сауаптың, рухани тұрақтылықтың және қоғам игілігінің кепілі. Біз ата-бабамыздан қалған осы игі дәстүрді жаңғыртып, уақып мәдениетін заманауи талаптарға сай дамытуымыз керек,” – деді Азамат Абдикеримұлы өз сөзінде.
Семинар соңында қатысушылар уақып қызметін жетілдіру, діни-ағартушылық бағыттағы жобаларды жандандыру және ел ішінде қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.