AIKERIM сауда дүкені Уақыпнама алды!
Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры Асилов Наурызбек мырзаға «Уақыпнама» табыстады.
Рәсім барысында Уақып қорының директор орынбасары Абдуайт Абдуалибекұлы Наурызбек мырзаға арнайы сертификатты ресми түрде табыстап, оның қор жұмысына қосып отырған үлесіне ризашылық білдірді.
Асилов Наурызбек Қайратұлы өзінің сауда кәсібінен түсетін ай сайынғы табыстың белгілі бір бөлігін Уақып қоры арқылы мешіт қызметін дамытуға, діни ағартушылық пен рухани құндылықтарды қолдауға бағыттап отырғанын атап өтті. Бұл – еліміздегі кәсіпкерлік пен қайырымдылықтың өзара ұштасып, тұрақты үлгіге айналғанын білдіреді.
Уақып қоры Асилов Наурызбек Қайратұлына және оның ұжымына алғыс білдіре отырып, кәсібіне береке, отбасына амандық тілейді. Мұндай игі істер елімізде әлеуметтік жауапкершілік мәдениетінің артуына және рухани жаңғыруға үлкен үлес қосады.
УАҚЫП КОРПОРАТИВТІК ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ
@waqf.kz