Астана медресе колледжіне шәкірттерге көмек көрсетілді
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі, қала бойынша Уақып қорының жауапты маманы – Оразбай Нұрбол Қабланұлының ұйымдастыруымен, Астана медресе колледжінің шәкірттеріне тәттілер мен ет түріндегі қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бұл шара – жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесін қолдауға бағытталған, оларға ізгілік пен мейірімділікті үлгі ретінде көрсететін маңызды іс-шаралардың бірі. Шәкірттерге берілген әрбір сыйлық – тек азық-түлік қана емес, сонымен қатар олардың жүрегіне қуаныш, қоғамға деген сенім және имандылыққа шақыратын рухани қолдау болып табылады.
Уақып арқылы жасалған бұл игі іс – қоғамдағы қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға, жастарды ізгілікке баулу мен мешіт пен медреселер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Алла Тағала жасаған жақсылығыңызды қабыл етіп, әрбір игі істеріңізге береке берсін.