Шариғатта көпшілікке ас беру сауапты амалдар екендігі аят пен хадистерде айтылады. Жетісі, қырқы т.с.с шариғатта нақты белгіленбегендіктен, оны тек рәміздік атау ретінде ғана орындаса болады. Халық арасында, «жетісінде мәйіт ісінеді, қырқында былай болады, ал тағы басқа күні еті мен сүйегі ажырағанда мәйіт қатты қиналады. Сол себепті ас беріп, дұға жасау керек екен» деген дұрыс емес түсініктердің ешбір негізі жоқ. Кейбір өлкелерде осы секілді бейсенбілік, елу екілік, жүзі тағы басқа да әдеттер бар. Дінімізде ысырапшылдыққа, мүмкіндіктен тыс қиындыққа негізделген жиындарды, құдайы тамақ беруді бұйырмаған.
Негізінде, үшін, жетісін, қырқын, жүз күндігін және жылын беру дініміздің басты талабы емес. Дегенмен, Ханафи мәзһабының ғалымдары былай түсіндіріп кеткен: жаназаға қатыса алмаған, алыстағы туыс – туғандары көңіл айтып, көрісу үшін істелінетін «мубах» (рұқсат етілген) жоралғылардың қатарына жатқызады [1]. Шариғатта міндетті түрде өзіне жетпей жатқан қаржыны жұмсап немесе қарызданып, қайтыс болған адамның атынан мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Марқұмның атынан ас беру ысырапқа жол бермей атқарылуы тиіс. Қайтыс болған адамның атынан жақсылық істеудің түрлері өте көп. Оны кез-келген кезде жағдайына қарай орындауға болады.
Бұндай құдайы астарда дүниелік әңгімелер емес, дін және шариғатты насихат ету керек. Себебі, бұл жақтағы басты мақсат – Алла Тағаланың разылығын алу, марқұмның өмірде кеткен қате-кемшіліктеріне, күнәлары үшін кешірім сұрап, беріліп жатқан садақаның Құдай Тағаланың құзырында қабыл болуын жалбарына тілеу. Өмір бар жерде өлім бар екенін басқаларға сабақ етіп, қамшының сабындай қысқа өмірде Алланың тура жолында парыз етілген амалдарымызды, ғибадатпен, ғибратпен өткізудің қамын жасауға үндеу болмақ. Марқұмдардың атынан істелінетін жақсылықтардың түпкі мәні осы. Ал жұрттан кем болмайын деп бәсекеге түсу, басқадан асайын деп мақтаныш үшін берілетін астардың сауабы шамалы.
Әрбір жанның өлімі оның кіші қияметі дейді. Қаза дүниелік мүддені, пенделік пиғылды паш ететін де, тамаққа тояттайтын жер емес. Әр нәрсені айтып, әңгіме-дүкен құратын, ойын-сауыққа, әзіл-күлкіге айналдыратын жайт та емес. Қаза бар, қайғырып отырған жандар бар, оларға көңіл айтып келген, қазасына ортақтасатын жұрт бар. Ең маңыздысы осы [2].

Пайдаланған әдебиеттер:
- Тахтауи, «Марақи әл – фалах фи шархул – изах».
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.