Уақыптың басты мақсаты – жағдайы төмен азаматтардың әл-ауқатын көтеру, Исламның дамуына үлес қосу болып табылады. Уақып – пендені Ұлы Жаратушыға жақындататын, сарқылмайтын сауапты кепіл ететін амал. Статистикаға сүйенсек, XVI ғасырдың ортасында құрылған Осман империясындағы уақыптардың, шамамен, 36%-ын әйелдер құраған. Осыған орай, Түркияның дамуына үлес қосқан тұлғаның уақыптарына тоқталамыз.
Хюррем сұлтан мешіті – Түркия елінің Стамбул қаласында орналасқан, туристер үшін ең әдемі, қызықты және көрікті жерлердің бірі. Кәнизактың керемет ұсынысымен 1548 жылы салынған екі күмбезді мешіт.
Тарихи нысанның авторы сол кездегі әйгілі түрік сәулетшісі Синан болды. Ол мешіттің қасбетін ғана емес, сонымен қатар бүкіл діни кешенді жобалаған.
Cәулет ерекшеліктері. Екі күмбезді мешіт – ұлы түрік сәулетшісі Синанның стилін айқын көрсететін үлкен, әдемі сәулеттік құрылым. Хюррем Сұлтан мешіті сымбаттылығымен және талғампаздығымен ерекшеленеді: ғимараттың геометриялық сегізбұрышты пішіні бар, ғибадатхананың да жеткілікті биік күмбезді, 136 арка тәрізді терезелері бар. Ал ғибадатхананың негізгі күмбезі жартылай күмбездермен және кең екі күмбезбен қоршалған. Сонымен қатар, үстіндегі төрт мұнара ерекше сән беріп тұр. Күмбезді галереяның астынан ас үйдің төртбұрышты ауласын, сауна мен субұрқақты көруге болады. Ғибадатхананың сол жағында Сүлеймен Сұлтан мен оның жұбайы Хюррем жерленген шағын кесене бар. Мінбер Барокко стильінде керемет ағаш оюмен безендірілген. Сондай-ақ, «сталактиттермен» безендірілген михраб әсерлі көрінеді.
Сүлейменнің әйелі қайырымдылық қорын (уақып) өз бетінше құрып, ғибадатхананың құрылысы аяқталғаннан кейін ол өз атынан басқа да нысандарды: жалпы білім беретін мектеп, аурухана, тегін асханалар, хаммам моншалары мен субұрқақтарды сала бастады.
Қарама-қарсы жерде үлкен жеке тұрғын ауданға өте ұқсас әйгілі қайырымдылық кешені орналасқан. Кешеннің орталық нысаны – мектеп-медресе. Медресенің артында аурухана – ішкі сегіз қырлы ауласы бар ойылған тастан жасалған 35 метрлік ғимарат орналасқан. Қазіргі таңда ғимаратта амбулатория да бар.
Хюррем уақып қорына өзінің барлық табысының шамамен 60 пайызын құрбан еткені белгілі. Ол гаремдегі жалақысынан, жерді және үйлерді жалға беруден түскен кірістен тұрды. Қолданыстағы мұрағаттық құжаттар Хюрремнің уақыпты өз қаражатымен ғана қамтығаны куәландырады.
Уақып құру үшін, ең алдымен, бұйрықты жазбаша түрде дайындап, содан кейін мешітте өз ниетін жария ету керек. Қорға қызмет ететін менеджер - «мутавалли» болады, яғни сенімді адам немесе қорды жасаушы. Ал қордың қызметін «кадиялар» қадағалап отырады, олар қордың ақшасы кедейлердің қажеттіліктері үшін жұмсалғанына көз жеткізіп отырады.
Уақыт өте келе Түркияда медицина мен ғылым дами бастады, осыған орай, қорлар мектептер мен ауруханалар аша бастады. Уақып қорларының ықпалымен кедей отбасылардың балалары білім алып, мамандық ала алатын дәрежеге жетті. Осылайша, уақып қорлары ел мен қоғамның дамуына үлес қосып келеді.