Абай Асылхан – Уақып қорының жаңа қолдаушысы атанды
ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының игі бастамасына белгілі жүргізуші, дауыс және шешендік өнер менторы Абай Асылхан қосылды.
Ол Уақыпнама иегері атанып, ай сайынғы табысының белгілі бір бөлігін дін мен қоғам игілігіне бағыттауға ниет білдірді.
Абай Асылхан – елімізде мәдениет, сөз өнері және рухани тәрбие бағытында белсенді қызмет етіп жүрген тұлға. Енді ол өз кәсіби қызметін ғана емес, қайырымдылық пен уақыптық рухты да насихаттап, көпшілікке үлгі болып отыр.
Уақып қоры Абай Асылхан мырзаға ізгі ниеті мен қолдауы үшін шынайы алғыс білдіреді.
Алла Тағала еңбегіне береке, өміріне нұр, отбасына амандық нәсіп етсін!