Қаралы үйдің иелері көңіл айтушыларды қабылдау мақсатында үйлерінде 3 күн аза тұтуына рұқсат. Көңіл айту адамның жан тапсырған сәтінен басталады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі бослын) және сахабалары да осылай істейтін. Бір мүмін өмірден өтіп, оның жаназасына қатыса алмай тек қана жерлеуіне үлгерсе, мәйітті жерлеп болған соң жұмыстарына кететін. Көңіл айтуға бара алмай қалған жағдайда кездескен жерде көңіл айтуға болады. Ата – бабаларымыз сол үшін – «Көңіл көріскен жерде» деп, көңіл айтуға қатты мән берген [1].
Қаралы үй иелерінің қазасына ортақтасу, оларға қолдан келгенше қол ұшын созу, сабырға шақыру, қайғыларын сейілдету, жеңілдетуге тырысу –сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі бослын): «Алла Тағала бір мүмин кісінің қайғысын сейілткен жанның Қиямет күнгі қайғысын сейілтеді», - десе, тағы бір хадисінде: «Басына түскен қайғы үшін бауырына көңіл айтуы мүминді Алла Тағала Қиямет күні абройлы киіммен киіндіреді» деген (Ибн Мәжә риуаяты) [2].
Ұзақ жерде тұратын кісілер түрлі жағдайлармен жаназаға келе алмаса, кейін көңіл айтуға болады.
Марқұмның жанұясына көршілері ас әзірлеп беруі – сүннет. Тіпті «тамақ алыңыз» деп айтып отырса да болады.
Сахаба Жағфар қайтыс болғанда, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі бослын) өзінің отбасына келіп: «Жағфар әулеті мәйіттерінің ісімен әуре болуда, сондықтан оларға тамақ әзірлеңдер», - деген (Ибн Мәжә риуаяты).
Қаралы үйдің тұрмыстық жағдайлары нашар, біреулерге қарызы болса, олардың одан сайын қарызға батып, ас беруі дұрыс емес. Ол үйден ас шығартпау керек. «Қазалы үйден үш күнге дейін қазан асылмасын» деген сөздің шариғатта негізі бар. Көңіл айтып келген адамдар үшін арнайлап дастархан жайылып, қайғырып отқан жандарға ауыртпалық түсірудің жөні жоқ. Асты туыстары, жора – жолдастары немесе көршілерінің үйінде жасауына болады. Мәйітті бірнеше күн қалдырып қойып, тек қонақ күтудің қамына кірісу – күнә. Әуелі мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназасын оқу және жерлеу істері мұсылман мойындағы кезек күттірмейтін негізгі міндет екенін ұмытпағанымыз жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.
-
Хадистер жинағы.