УАҚЫП - ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ ЗОР ТҰРАҚТЫ САДАҚА
Иә, уақып - қоғамға тұрақты әрі ұзақ мерзімді пайдасы тиетін сауапты садақалардың бірі.
Ислам дініндегі уақып - белгілі бір мүлікті немесе қаржыны Алла разылығы үшін қайырымдылыққа арнап, оның игілігін қоғамның ортақ қажетіне тұрақты түрде жарату амалы. Бұл - садақа жария, яғни тоқтамайтын сауап көзі.
Уақып арқылы мешіт, медресе, аурухана, жол, көпір, кітапхана сияқты халыққа қажетті нысандар салынған. Ол - тек бір мезеттік көмек емес, ұрпақтар игілігіне жарайтын ұлы сауап іс. Мұсылман жұртында уақып - білім мен ғылымның, діни және мәдени өркендеудің негізі болған.
Уақып - сауаптың сарқылмас көзі, қоғамның игілігіне қызмет ететін тұрақты садақа.
Полатов Еркін Тұрғынұлы
ҚМДБ Уақып қайырымдылық қорының
Түркістан облыстық өкілдігінің бөлім жетекшісі

