Белгілі төрт мәзһабтың бірінің жетекшісі, мүжтаһид ғалым Ахмед ибн Ханбал (р.а) анасы туралы былай деп әңгімелеп: "Мені сәби кезімде анам таң намазына оятқанда, жаныма келіп отырып зікір айтатын.
Содан кейін еркелетіп оятып, жылы сумен дәрет алғызып, жылы орамалмен орап, мешітке таң намазына алып баратын. Мен таң намазын оқып болғанша мешіт алдында күтіп, жылы орамалына орап, үйге алып қайтатын. Анам мені осылайша тәрбиелеп жеткізді", - деп сөзін аяқтады.
Ата - ананың бала тәрбиесі жөнінде, Тирмизи риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с): «Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас», - деп айтқандай тәрбие көрген Ахмед ибн Ханбал (р.а) қандай ғалым болды десеңізші!
Ал, атам қазақ: "Тәрбие - ағаш бесіктен басталады", "Алып - анадан туады",- деп айтқаны да ақиқат. Алла баршамызға ұрпағымызды мейіріммен, махаббатпен имандылыққа, көркем мінезге тәрбиелеуді нәсіп етсін!
Қуат Қабдолда