Көптеген тәпсір ғалымдары Самуд қауымына сынақ ретінде жіберілген түйені - Алланың мүлкі, уақыпқа жатқызады. Салих пайғамбар жиналған Самуд халқына қарап: «Уа, халқым! Мынау – Хақ тағаланың аруанасы. Бұл – сендерге берілген мұғжиза. Бұған әсте тиісіп, қол жұмсаушы болмаңдар. Аллаһ тағаланың қалаған жерінде жайылсын. Оған қандай да бір жамандық жасап, залал келтіретін болсаңдар, көп ұзамай азапқа ұшырайсыңдар» (Һұд:64),- деп бұйырады.
Бірақ, қауымы Алланың бұйрығына қарсы келіп, Алланың аманатына қиянат жасап, түйені өлтіргені үшін азапқа ұшырап, құрдым болады.
Сол сияқты уақыптың шариғаттағы көрсетілген "Уақып берушінің шарты - Алланың шариғатынмен бірдей" қағидасына сәйкес - "Уақып беруші" уақыпқа берген қандай да бір мүлкін қайырымдылықтың қай түріне атаса, сол талабы орындалу қажет, басқа мақсатта пайдануға, қиянат жасауға болмайды.
Қуат Қабдолда