Хасан әл - Басри бір жолы өзінің үш шәкіртіне: "Пәленше деген адамға барып көмек беріңдер, ол кісі менен жәрдем сұрады. Жолда Бишр Хафиге де айтыңдар, ол да барсын",- деп тапсырады.
Шәкірттер ұстаз алдынан шыққан соң, Бишр Хафидың үйіне барады. Үйіндегілер ол мешітте екенін айтады. Олар мешітке барса, ол иғтикафта (мешітте оңашалу) екен. Бишр Хафи: "Мен иғтикафтамын, соған ниет еттім",- деп жауап береді.

Шәкірттер ұстаздың алдына қайта барып: "Ұстаз, Бишр Хафи иғтикафта екен. Біз өзіміз бара берейік пе?",- деп сұрайды. Сонда Хасан әл - Басри: "Жоқ, барып Бишрге адамдарға жасалған көмектің сауабы нәпіл құлшылықтан артық деп айтыңдар",- дейді.
Шәкірттер ұстаздың алдынан шығып, мешітке барып Бишр Хафиге ұстаздың сөзін жеткізеді. Мәтінде: "Бишр Хафи дереу иғтикафтан шығып, олармен бірге ұстаз айтқан адамға көмек беруге барды",- деп келеді.
Қарасаңыздар, адамдарды қуанту, оларға жәрдемші болу - нәпіл ғибадаттан да ұлық сауап екен. Алла баршамызға сауапты амалды көп жасауға нәсіп етсін!
Қуат Қабдолда