Кейбір ауқатты кісілер қайтыс болар алдында, үй-мүлкін және жерінің біраз бөлігін мектеп үшін өсиет арқылы қалдырып кетеді.
Піспек уезінде Мұса ақсақал опат болды. Опатынан кейін қазақ үшін тамаша зор төрт бөлмелі үйін медресе қылуға өсиет айтып қалдырды. Мұғалім һәм басқа қажеттерден өтеуге үйінің жанындағы екі десетина бақшасын һәм жерін уақып етіп кетті. Арамызда бек сирек табылатын бұл азаматтың рухына дұға қылып, қалдырған істерінің басқаларға да өрнек болуын үміт етеміз (Мұғалім Қайдарәлі Диқамбаев, «Қазақ».№34.1913).
Осылайша, Мұса ақсақал пәниден озып бара жатса да ізгі бастама бастап, оқырманға ой салады. Ал, өзге жерлерде қарапайым халық жылу жинау және ғұшырға жиналған ақшаларға медресе салып, жаңаша оқу істерін жандандыруға өз үлестерін қоса бастайды. Шет жұртта білім алған, ел аралаған алғабасар кісілер салдырған медреселерінің көлемін үлкейтіп, тұтас өңірдің қажеттілігін қанағаттандыруға тырысып отырды.
Ақтөбе уезі Әлімбет болысындағы Ғабдолла ишан туралы жазбада, ол кісінің жас кезінде Хиуа, Бұқарда оқыған болса да жаңаша үлгіде оқытатын медресе салып 60-70 бала оқытқанын, енді тағы да медресесін үлкейтіп қайта салуға қам қылғанын айтады. «Ғабдолла ишан дүние көрген кісі, Станбол, Бейрут, Мысыр һәм басқа Еуропа шаһарларында болып қайтты. Ишан өзі еліне пайда келтіріп, өзге елге өрнек болар деген үміт зор, жолы болсын (мұғалім Кенжеғали Ғабдуллин).
Осылайша, жұртына бас болып, ұрпағына үлгі көрсетіп жүрген кісілерге Алла разы болсын.

Республикалық «Мұнара» газеті, №22(52).
Абай Мырза «Медресе салған қазақтар» мақаласынан үзінді.