ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры өңірлермен кезекті жиынын өткізді
ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Zoom платформасы арқылы еліміздің барлық өңірлерінен Уақып қорына жауапты өкілдермен жұмыс жоспарын талқылау жиынын ұйымдастырды.
Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ Наиб мүфтиі Ермек қажы Мұқатай уақып жұмыстарын күшейту, қайырымдылық бастамаларын жүйелеу және қасапхана ісін дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
Кездесуді Қор директоры Азамат Абдикеримұлы жалғастырып, өңірлердегі қызмет барысына тоқталды. Сонымен қатар, Бас мүфтиіміздің бастамасымен ашылған студенттер үйіне жаңа оқу жылына студенттер қабылдау жұмысын жүйелеу, сондай-ақ жаңа студенттер үйлерін салу және бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігіне басым назар салынды.
Бұл жоба студенттерді ойлау мен оларға қолдау көрсетуге бағытталған қадам болып, жастардың білім алуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға елеулі үлес қоспақ.
Жиын соңында уақып қызметін өркендетуге арналған жаңа бастамалар қарастырылып, алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар белгіленді.
⸻
@waqf.kz | @waqf.invest