Қазаға байланысты діни уағыз, насихат айтудың тыңдаушыларға әсері зор. Себебі, олар – қазаға куә болған жандар.
Имам Нәуәуидің Риядус – Салихин кітабында мынадай хадис келтірілген. Али (р.а) былай деді: «Біздер бір жаназаны жерлеу үшін Бақиғул – Ғарқад мазарына келген едік. Пайғамбар (с.а.у) алдымызға келіп отырды. Біз оның айналасына отырдық. Пайғамбардың (с.а.у) қолында бір кішкене таяғы бар еді. Онысымен жерді сызып отырған еді, сосын бізге қарап: «Сендердің әрбіріңнің баратын орындарың тозақ па, әлде жанат па – бәрі алдын – ала жазып қойылған», - деді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Олай болса, сол жазылған нәрсеге арқа сүйеп жүре бермейміз бе?» - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ізгі амал жасаңдар! Әркім қандай орын үшін жаратылған болса, сол орынға алып баратын істер ол үшін жеңілдетіледі», - деді» [1]. Демек, қабір басында жерлеу ісімен қатар жиылған жамағатқа үгіт – насихат айту шариғатта құпталған.
Марқұмды жерлеп болған соң оған «талқин» айту. Жалпы шариғатымызда қайтыс болған адамды жерлегеннен кейін қабірінің басында дұға ету – мұстахаб (ерікті іс). Осман (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у) мәйітті жерлеп болған соң, алдында тұрып: бауырларыңа кешірім мен беріктікті сұраңдар, өйткені ол қазір сұраққа тартылуда», - деді Әбу Дәуіт риуаяты. Сондай – ақ, Жәбир ибн Абдулладан (р.а) риуаятта былай делінеді. Пайғамбарымызбен: (с.а.у) бірге Сағд ибн Муғазға қайтыс болғанда бардық. Пайғамбарымыз (с.а.у) оған жаназа оқып, қабіріне қойды да, топырағын үйіп тасбих айтты, біз де біраз уақытқа дейін тәсбих тараттық. Кейін тәкбір айтты, біз де тәкбір айттық. Сонда Пайғамбарымыздан (с.а.у) «Уа, Алланың Елшісі! Неге тәсбих тараттың, сосын тәкбір айттың?» - деп сұрағанда, Ол (с.а.у): «Расында, мына салихалы пендеге Алла жеңілдік бергенге дейін қабірі тар болады», - деп жауап береді», - деп талқин айтуды түсіндірген (Ахмет, Тирмизи, Хаким риуаят еткен).
Ендеше адамды жерлеген кейін қабір басында ол үшін истиғфар, тәсбих, тәкбір айтуға болатынын аңғарамыз. Дегенмен, шариғат ғұламалары талқин айтуды міндетті емес, ерікті амал ретінде қарастырады.
Мұсылман емес мәйітті жерлеу. Мұсылман емес мәйітке тоқталатын болсақ, оның жерлеу ісін соның дінінде болғандардың атқарғаны орынды. Дей тұрғанмен, жерлеу ісін атқаратын ешбір туысы болмаса, мұсылмандар тарапынан жерлеуіне шариғаттар рұқсат бар [2].

Мұсылман емес кісіні жерлеу шығыны мәйіттің қаражаты есебінен өтеледі. Егер өз қаражаты жеткіліксіз болса, көму шығыны туыстарының қаражаты есебінен төленеді. Алайда қаражаты болмаса немесе көму шығынын өтейтін ешбір жақыны болмаса, ханафи мәзһабының имамдары мұсылмандар тарапынан жерлеуін мұстахаб деген. Мәселеге қатысты үкімді мына аяттан шығаруда:
«Расында, Біз Адам баласын ардақтадық. Сондай – ақ, оларды құрлықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әрі оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық» [3]. Аят негізінде барша адамзат баласын қамтыған. Демек мұсылман емес кісі де адамзат баласы ұғымына кіреді. Адам баласы қайтыс болса, жерлеу керек деген ұғым да шығатыны белгілі.

Пайдаланған әдебиеттер:
-
«Бұхари, Мүслім риуаяты).
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.
-
«Исра» сүресі, 70 – аят.