Жан тапсырғалы жатқан адамды оң бүйіріне жатқызып, жүзін құбылаға бұру – сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келген кезде, Барр ибн Маърур деген кісі жайлы сұрады. Сахабалар (р.а.): «Ол дүниеден өтті. Дүние – мүлкінің үштен бірін сізге беруді және жан тәсілім етерде жүзін құбылаға қаратуды өсиет етті», - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Онда ол Исламды таңдапты. Дүние – мүлкінің үштен бірін баласына қайтардым», - деген [1].
«Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйірі құбыла тарапына қарайтындай қисайтыңқырап жатқызылып, жүзі құбылаға қаратылады. Себебі, ол – ғибрат етілген сүннет» [2].
Жан тапсырайын деп жатқан пендеге кәлиманы айтқызу үшін жанында шәһада кәлимасын (куәлік сөзі) қайталап тұру ең көркем амал болып табылады. Себебі, Әбу Сағид әл – Худриден (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өлім сәтінде жатқан кісілеріңе «Ләә Иләһә Иллалланы айтқызыңдар» [3].
Жоғарыдағы мәтіннен байқасаңыздар, өлім халіндегі пендеге кәлима шәһадатты айтқызу – сүннет болып табылады. Бұны шариғатта «талқин» деп атайды. Талқинның мағынасы қайталау, айтқызу, үйрету, оқыту. Хадистегі «Лаққину» сөзінен шыққан.
Қайтыс болғалы жатқан адамға жан алқымға келіп, қырылдап қалмай тұрып, «Әшһәду ән ләә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадар расулуллаһ» - деп кәлима шәһадатты жәй дауыспен қайталап тұру керек. Бірақ, бұл шәһәдатты айтқызуға тырысып, оны қыстамаған жөн.
«Лә Иләһә Иллаллаһ» кәлимасынан соң дүнияуи сөз айтпаса, онда ол кісіге кәлиманы қайталаудың қажеті жоқ. Ал керісінше кәлимадан соң сөйлеп қойған болса, онда кәлиманы қайта басынан айту қажет болады (жанындағы адам есіне салып қойған жөн болады). Жан тапсырғалы жатқан пенденің қасында жақындары мен дос – жарандары болуы ұнамды амал.
Қасында тұрған кісілер сырқатқа дұға етулері – мұстахаб ( Әл-Аламгирия пәтуәлары).
Жан тапсырғалы жатқан адамның қасында хайыз (етеккір) немесе нифас (босанғаннан кейін келетін қан) және жүніп, айта келе ғұсыл құйыну керек кісілер болмағандары абзал. Өлім хәліндегі кісінің қасына хош иісті әтірлер қою – ұнамды амал.
Хәл үстінде жатқан кісінің жанында кәлиманы қайталап отыру қазақ танымында «иман үйіру» делінеді. Әрбір пенденің соңғы сөзі калима шәһадат болуы үлкен бақыт.
Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімнің соңғы сөзі «Лә Иләһә Иллаллаһ» болса, ол жәннатқа кіреді», - деген [4].
Жан тапсырғалы жатқан кісінің қасында «Ясин» сүресі оқу мұстахаб (ұнамды амал). Бұл туралы Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен мынандай хабар бар: «Өлім хәлінде жатқан аурудың жанында «Ясин» сүресі оқылса, ол шөлі қанған күйінде жан тәсілім етеді, шөлі қанған күйінде қабірге кіреді және қиямет күнінде де шөлі қанған күйінде қайта тіріледі» [5].
Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабы ғұламалары өлім халінде жатқан кісі жанында «Ясин» сүресін оқуды жөн санаған. Ал, қайтыс болған кісіні жуынғанға дейін жанында Құран оқу – мәкрүһ (ұнамсыз амал) [6].
Алла Тағала жан тапсырар сәтімізде дәрежемізді көтерсін деп тілейміз! Әрбір мұсылманға өлім сәті келер алдын кәлиманы айту бұйырсын!

Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.
-
Әл-Бахр ар-Раиқта.
-
Муслим риуаяты.
-
Әбу Дәуіт риуаяты.
-
Әбу Бәкір әш – Шафиғи риуаяты.
-
«Әт – Тәбиин» кітабынан.