ҚМДБ «Уақып» қорының маманы Айбибі Бектасқызы мен «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының маманы Ақмарал Жеңісбекқызы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мешіттердің имамдарынан сұхбат алды.
Сұхбат берген имамдар Ислам дінінің өркендеуіне еңбектері сіңген рухани жетекшілер, алаулаған тозаққа отын емес, жайқалған жәннатқа адам дайындайтын тұлғалар.
Қазіргі таңда халықтың көкейінде жүрген жерлеу рәсімдеріне, жоқтауға, қабірді зиярат етуге қатысты діни сауалдарды шешу мақсатында білім иелеріне, яғни имамдарымызға келесі сұрақтар қойылды:
- Қайтыс болған адамының артынан сауап барып тұруы үшін не істеу керек?
- Әйел адамдарға жерлеу рәсіміне қатысуға болады ма?
- Кішкентай балалар қайтыс болса оны кім жуындырады?
- Бір қабірге бірнеше кісіні жерлеуге болады ма?
- Құлпытасқа сурет салуға болады ма?
- Мәйітті жоқтау дұрыс па?
- Имамның бас киімінің мәні мен сыры неде?
- Адам қайтыс болғанда мата, шапан тарату ысырапшылдыққа жатады ма?
- Әйел адам қайтыс болса күйеуі жуындырады ма?
- Ер адам қайтыс болғанда оны кім жуындырады?
- Құлпытас/зират қоршауы сынған болса жөндеуге болады ма?
- Жаназа намазына қатысу міндетті ме?
- Ерлі зайыптылардың біреуі қайтыс болса, жерленгеннен кейін екіншісіне де орын дайындауға болады ма?
Осы аталған сұрақтарға имамдарымыздың жауабы @waqf.kz және @qamqor_sharapat инстаграм парақшаларында видео-форматында күнделікті жарияланып тұрады.
Сұхбат берген имамдар тізімі:
- Өткелбаев Бақытжан Мүфтіәділұлы – «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы;
- Мырзагелдиев Хамит Әліпбекұлы – «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы;
- Бердімұрат Қасымов – «Көктал» мешітінің наиб имамы;
- Нұрқанов Сейіт Темірбекұлы – «Ырыскелді қажы» мешітінің наиб имамы.