Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қашан да қайырымдылыққа ерекше көңіл бөледі.
Шоқан қажы Әмірханов басқаратын имандылық ордасының қызметкерлері Рудный шаһарындағы балалар үйіне арнайы барды. Ондағы балдырғандардың жазғы лагерде демалуына байланысты жататын бөлмелеріне төсейтін кілем сыйлады.
Дін қызметкерлерінің өздеріне деген ыстық ықыласына бүлдіршіндердің тәрбиешілері шынайы алғыс білдірді.