Күллі адам баласы Алла Тағала туралы жақсы ойда болуы керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Өмірден Алла Тағала туралы тек жақсы ойда болып өтіңдер», - деген (Бұқари, Муслим риуаяты). Тағы бір хадисте: «Алла Тағала, Құлым мен жайлы қандай ойда болса, мен де сондай боламын», - дейді (Бұқари, Муслим риуаяты). Сол себепті өмірден өтіп жатқан адамның қасында отырып кісі оған кәлиманы қайталап отыруы – мұстахаб. Пенде жан тапсырған соң, мәйіттің көзін жабу керек. Көзін жабушының «Бисмилләһи уә ъалә милләти расулилләһи» деп айтуы – сүннет.
Марқұмның көзін жабумен қатар артында қалған отбасы мүшелері мен ағайындары сабыр сақтап, тек жақсы сөздер сөйлеу керек. Өйткені, әрбір айтылған сөзге періште «Әмин» деп тұрады екен. Шаддат иди Аустың риуаяты бойынша Алланың Елшісі (с.а.у) былай деген: «Жан тапсырған кісілерінің қасында болған кездеріңде көзін жабыңдар. Шындығында, көз назары рухқа ереді. Сондай – ақ жақсы сөз айтыңдар. Өйткені періштелер отбасының айтқанына «Әмин» деп тұрады» (Ибн Мәжә риуаяты) [1].
Қайтыс болған адамды ең алдыменен іш дәрет алдыртып (үлкен және кіші дәретін тазалап), еденге төсеніш төсеп, салқын жерге мәйіттің оң жағы құбылаға бұрылып жатқызылады. Бұл «оң жаққа жатқызу» немесе «мейрам су» деп аталады. Сонан соң жағын иек астынан жоғары қарай жалпақ шүберекпен байлап, аяқ – қолын дұрыстап, мәйіттің киімін шешіп, үстіне жамылғыны жауып қою қажет. Осылай істеу әуел бастан келе жатқан әдет әрі мәйіт үшін қайырлы болмақ [2]. Марқұмның іші кеуіп көтерілмес үшін үстіне ауырлау затты қоюға болады. Хадисте бұл жайында былай дейді: «Әнәстың қызметшісі күн батқан уақытта көз жұмған еді. Сонда Әнәс: «Оның ішіне темір зат қойыңдар», - деген (Бәйһақи риуаяты) [3].
Қайтыс болған кісіні дүниеден озғанын жариялап, жерлеу рәсіміне асығу – мұстахаб. Абдулла ибн Омардан (р.а) жеткен риуаят бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у): «Егер сендерден біреу қайтыс болса, оны кешіктірмеңдер және қабіріне қоюға асығыңдар», - деген (Табарани риуаяты).
Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабаларының қайғысын бөлісіп, олар мен үнемі жақын қарым – қатынаста болатын. Қандай да бір қиыншылыққа тап болса, олардың қасынан табылатын және бұны елеусіз іс деп санамайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) басқалардың істеріне неқұрайлы қарамауға шақырған.
Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.у) былай деген: «Мұсылман – мұсылманның бауыры: оған зұлымдық жасамайды, оны құрдымға да тастамайды. Кім бауырының қажеті үшін жүрсе, Алла оның қажетін өтейді. Кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның Қиямет күнгі қайғы – қасіреттерінің бірін сейілтеді. Кім мұсылманның айыбын жасырса, алла оның айыбын жасырады» (Бұқари, Мүслим риуаят еткен).

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.
- «Әл – һидая» кітабы, 2/137, 138.
- Хадистер жинағы.