«Уақып» қоры мен ZHANTAQ компаниясы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында «Уақып» қоры мен ZHANTAQ компаниясы бірлесе отырып қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. ZHANTAQ компаниясының ZHANTAQ TEA өнімінің әр сатылымынан түскен пайданың бір бөлігі «Уақып» қорына түседі.
ZHANTAQ TEA – ағзаны токсиндерден тазартатын, сергітетін әсерге ие 100% табиғи, халал, дәстүрлі өнім. Негізгі компоненті «түйе тікені» болып табылатын ZHANTAQ TEA өнімі бір-біріне үйлесімді және өзара толықтыратын емдік заттардың ерекше жиынтығы бар шипалы сусын.
Ата-бабаларымыз, ежелден емдік және профилактикалық мақсатта қажылық, ал, батырларымыз жорық сынды ұзақ сапарларға шыққанда жантақ тікен шөбін тастамай, алып жүретін. Себебі жантақ шөбі қайнатылған су тазарып, құрамы түбегейлі өзгереді, шипалық қасиеті пайда болады.
Ислам ғалымдары: «Алла Құранда бір мысал келтірсе, демек, онда біз үшін үлкен пайда бар», - деседі. Ал, Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Олар түйеге және оның қалай жаратылғанына назар салмай ма?» («Ғашия» сүресі, 17-аят), - деп, түйенің жаратылысы туралы ой жүгіртуге шақырады.
Түйе – шөлге, аштыққа, ұзақ сапарға өте шыдамды асыл жануар. Түйенің адамзат үшін барлық жағынан пайдасы бар: оның етінде, сүтінде, жүнінде, тіпті, жеген шөбінде де береке мен шипа жасырылған. Түйенің бұл ерекше қасиеті жеген шөбінен, яғни жантақ тікен шөбінен десек артық болмас.
Осыған орай, жантақ (түйе тікені) өсімдігінен жасалған ZHANTAQ TEA бүйректен құм мен тастарды кетіруге жақсы әсер етеді, ас қорытуды жақсартуға, қан тамырларын кеңейтуге және нығайтуға, соның ішінде тыныштандыруға көмектеседі, сондай-ақ, дененің төзімділігін арттырады.
Қайырымдылыққа өз үлесін қосқысы келетін барша кәсіпкерлерді «Уақып» қорымен серіктес болуға шақырамыз!
Адамдардың өмірі мен денсаулығын жақсартуды мақсат еткен ZHANTAQ компаниясының жұмысы алға бассын деп тілейміз!
Алла Тағала жаңа бастамамызға береке берсін! Ынтымақтастығымыз берік болсын!