Уақып – сауапты істің бастауы
ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігі Түркістан қалалық «Яссы» орталық мешітіне игі уақып жасалды. Жомарт іске қалалық мәслихат депутаты Ербол Нұралыұлы Көкенов демеушілік етті.
Қалалық бас имам Талғат Ілесбекұлының бастамасымен жүзеге асқан бұл сауапты қадам аясында мешітке 5 000 000 теңге көлемінде уақып қаражаты бөлінді. Қаражат мешіт аумағын кеңейту мақсатында жанындағы жер телімін сатып алуға бағытталды.
Бұл – жамағатқа жайлы жағдай жасауға, құлшылық ордасын дамытуға үлкен мүмкіндік.
Алла Тағала ізгі амалға себепші болған азаматқа разы болсын!
ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры.