Қасиетті жұма күні ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінде жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан уақып саласындағы жұмыстар таныстырылды. Уақыптың исламдағы орны түсіндіріліп, белгілі бір мүлік пен қаражатты Алла разылығы үшін арнап, оның пайдасын қоғам игілігіне тұрақты бағыттау садақа жария саналатыны айтылды.
Сонымен қатар Бас мүфтидің бастамасымен қолға алынған «Қазақ Құран баспасы» жобасы таныстырылып, бұл бастама арқылы мешіттер мен медреселерді, оқу орындарын Құранмен қамту және қари, шәкірттерге қолдау көрсету көзделетіні жеткізілді.
Кездесу барысында уақыптың тарихта мешіт, медресе, аурухана, кітапхана, жол-көпірлердің бой көтеруіне негіз болғаны атап өтіліп, оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сауапты іс әрі қоғамның рухани-әлеуметтік дамуына қызмет ететін маңызды институт екені насихатталды.