ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бастамасымен ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір кәсіпкерлерімен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында Уақып қорының қызмет бағыты мен нақты кәсіби жобалары таныстырылып, кәсіпкерлерге ҚМДБ ның Төрағасы Бас мүфти Хазіретіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қазақ Құран баспасы» жобасы жөнінде арнайы ақпарат берілді. Сондай-ақ уақып жүйесі арқылы әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды жүйелі іске асыру мәселелері талқыланды.
Қор директоры алдағы кезеңде кәсіпкерлермен бірлескен жобалар арқылы уақып мәдениетін дамыту және қоғам игілігіне бағытталған жұмыстарды күшейту көзделіп отырғанын атап өтті.