2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында: «Қазіргі қолданыстағы Құран кітаптары әртүрлі елдердің баспасынан шыққан. Әр ел өзінің жазу стиліне сәйкес Құранды басып шығаруда. Қасиетті кітабымызға қатысты тағы бір үлкен арманым – Құранды отандық баспадан шығарып, мұсылман жамағатына ұсыну. Яғни, отандық каллиграфтардың көмегімен Құран аяттарын толық қолмен жазып, оны өз баспамыздан шығарып, мұсылман қауымының игілігіне уақып ету» деген болатын.
Осы мақсатта еліміздің үздік қарилары және графикалық дизайнерлерінен құралған жұмыс тобы іске кірісіп кетті. ҚМДБ «Уақып» қоры Abay Omar Design орталығымен келісімшарт жасап, графика саласының мамандары араб жазуы және төте жазу стилі бар мүфтияттың жаңа шрифтін әзірледі. Қор директоры Азамат Әбдікерімұлының айтуынша, Құран баспасына лайықты мүфтият шрифттерін әзірлеу барысында араб әліпбиінің 28 әрпінен 1000-ға жуық таңба сызылды. Құранның мұқабасына еліміздің Мемлекеттік Туының ресми көк түсі таңдалған. Сондай-ақ ішкі дизайнына мұсылмандық және қазақтың ою-өрнектері стиліндегі белгі, таңбалар қолданылды.
«Әлемде Құран Кәрім кітабының 50-ден аса түрі бар. Тұңғыш рет Qazaq Quran шрифтімен басылатын 604 беттік Құран Кәрім Алла қаласа, мұсылман әлеміне таралып, үмбеттің көңілінен шығады деген үмітіміз бар. Қазақ Құран баспасының алғашқы басылымы ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың данамен жарық көреді деп жоспарланған», – дейді Азамат Әбдікерімұлы.