Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Қызылорда облыстық «Qyzylorda» телеарнасына және ҚМДБ-ның «Munara tv» телеарнасының аймақтық филиалына арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында «Уақып» қорының негізгі қызмет бағыттары, уақып институтының исламдағы орны мен маңызы, сондай-ақ өңірде жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық және діни-ағартушылық жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар уақып арқылы қоғамға тұрақты әрі ұзақ мерзімді игілік әкелудің маңыздылығы, кәсіпкерлер мен жамағатты уақып мәдениетін дамытуға тарту, сондай-ақ қор қаражатының нақты діни және әлеуметтік жобаларға бағытталуы мәселелері кеңінен қозғалды.
Азамат Әбдікерімұлы уақыптың садақа жария ретіндегі айрықша құндылығына тоқталып, ел игілігі жолындағы игі бастамаларды қолдауға шақырды.