Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің бастамасымен ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір имамдарымен офлайн және онлайн форматта «Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Семинар аясында Бас мүфти Хазіретіміздің ұлы жобасы - «Қазақ Құран баспасы» жобасының таныстырылымы өткізіліп, оның мақсаты мен маңыздылығы, имамдар назарына ұсынылды.
Нәтижесінде уақып тақырыбында мазмұнды мәліметтер айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Еркін форматта өткен семинар діни-ағартушылық әрі қайырымдылық бағыттағы қызметтердің мазмұнын тереңдетіп, олардың сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асуына ықпал етеді.