Жамбыл облысында «Уақып – сарқылмас сауап» атты семинар өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бекіткен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жылдық жұмыс жоспары аясында Жамбыл облысына арнайы іссапар ұйымдастырылды.
Тараз қаласында имамдарға арналған «Уақып – сарқылмас сауап» атты семинар өтті. Жиынға өңір имамдары қатысып, уақып тақырыбы кеңінен түсіндірілді.
Семинарда ҚМДБ Уақып қорының директоры Азамат Абдикеримұлы уақыптың мәні мен маңызы, Құран аяттарындағы уақыпқа қатысты үкімдер және «Уақып» қорының жалпы жұмыс жоспарлары туралы мазмұнды баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Уақып» қорының директор орынбасары Али Абдуайт Уақыпнаманың маңызына тоқталып, уақыпқа үлес қосу жолдары мен рәсімдерін жан-жақты түсіндіріп берді.
Семинар барысында қатысушыларға уақып істерінің қоғамға тигізер пайдасы мен мәңгілік сауап болатын тұстары кеңінен айтылып, практикалық тәжірибелермен бөлісілді.