ҚМДБ жанынан құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмыс жоспары аясында Түркістан облысы бойынша уақып саласын дамытуға арналған алқалы жиын өтті.
ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Түркістан – Ахмет Ясауи» орталық мешітінде ұйымдастырылған жиынға қала және аудан мешіттерінің имамдары қатысты.
Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің «Ислам және адал қоғам» жылы аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралып, уақып саласына қатысты жылдық жоспар мен 2026 жылға арналған негізгі іс-шаралар таныстырылды.
ҚМДБ Түркістан облысының Бас имамы Ержан қажы Сматұлы уақып ісін жандандырудың маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ бекіткен жоспарларды сапалы әрі жүйелі түрде орындау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар уақыпқа қатысты түсіндіру және насихат жұмыстары қала, аудан және ауылдық елді мекендердің барлығын толық қамтуы тиіс екеніне ерекше назар аударды.
Жиын қорытындысында ҚМДБ-ға қарасты «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлының Түркістан облыстық өкілдігі бойынша уақып ісіне жауапты жетекші Еркін Тұрғынұлына жолдаған алғыс хатын ҚМДБ Түркістан облысының Бас имамы арнайы табыстады.
Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін.