Жамбыл облысында Кәсіпкерлермен және “Түрлі сала мамандарымен” кездесулер өтті
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазретіміздің бекіткен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жылдық жұмыс жоспары аясында Жамбыл облысында бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылды.
Іссапар аясында өңір кәсіпкерлерімен және түрлі сала мамандарымен бірнеше кездесулер өтті. Жиындарда уақып мәдениетін дамыту, жария садақаның қоғамға тигізер пайдасы мен мәңгілік сауабы кеңінен түсіндірілді.
Кездесуде «Уақып» қорының директоры Азамат Абдикеримұлы сөз алып, қордың жалпы жұмысы мен тынысы, атқарылып жатқан қайырымдылық жобалары және алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндады.
«Уақып» қорының директор орынбасары Али Абдуайт уақыпнаманың маңызына тоқталып, уақып ісіне үлес қосу жолдары мен рәсімдері туралы түсіндірме жасады.
Кәсіпкерлер мен түрлі сала мамандары уақып жұмыстарына қызығушылық танытып, қоғам игілігіне қосатын үлестерін арттыруға дайын екендіктерін білдірді.
Бұл кездесулер – уақып мәдениетін жандандырып, ел ішінде сауапты істердің дамуына серпін беретін маңызды қадам болды.