ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бекіткен жоспары аясында “Әбу Ханифа” медресе-колледжінде «УАҚЫП» қорының қызметін таныстыру мақсатында арнайы семинар өтті.
Шара барысында «УАҚЫП» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Уақып және уақып етудің сауабы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, уақыптың рухани пайдасына кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, Алматы қаласы, Жетісу ауданының Бас имамы Мұхаммеджан Абдумажитов «Уақып үкімдері» тақырыбында дәріс оқып, үкімдерін жан-жақты түсіндірді.
Бұл семинар діни білім алып жатқан жастар үшін танымы терең кездесу болды. Шараның басты мақсаты болашақ дін мамандарына уақыптың мән-маңызын ұғындырып, оның ислам қоғамының дамуына ықпал ететін маңызды құрал екенін саналарына сіңіру болды.