Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Аймантөбе ауылындағы мешіт аумағына жамағаттың қолдауымен құдық қазылып, уақып ретінде табысталды.
Құдықтың ашылу рәсіміне ауыл ақсақалдары, мешіт жамағаты және тұрғындар қатысты. Шара барысында аудандық мешіттің бас имамы Қанат Әділханұлы сөз сөйлеп, уақыптың исламдағы орны мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ көпшілік игілігіне арналған мұндай қайырымды істің сауабы үзілмейтін садақа жәрия екенін атап өтті.
Жаңа құдық мешіттің қажеттілігіне пайдаланылып, жамағатқа қызмет көрсететін болады. Ауыл тұрғындары игі іске демеушілік жасаған азаматтарға алғыс білдіріп, бұл бастаманың ел бірлігі мен қайырымдылық мәдениетін нығайта түсетінін жеткізді.