Азамат Әбдікерімұлы Ержан хазрет мешітінде жамағатпен кездесті
Ақтау қаласындағы Ержан хазрет мешітінде
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы
«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры
Азамат Әбдікерімұлы жамағатпен рухани кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол қордың негізгі қызмет бағыттары мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы кеңінен ақпарат беріп, уақып мәдениетінің қоғамдағы орны мен рухани маңызына тоқталды.
Сондай-ақ, «Уақыпнама» ұғымының мәні, оның мұсылман өміріндегі сауапқа бастайтын ізгі амал екенін түсіндірді.
Бұдан бөлек, Азамат Әбдікерімұлы
«Қазақ құран баспасы» — Құран Кәрімнің жаңа басылымы жарыққа шығатынын хабарлап, бұл игі істің ел руханиятына қосатын үлесі зор екенін атап өтті.
Кездесу соңында мешіт жамағаты уақып ісіне сәттілік тілеп, рухани насихатқа ризашылықтарын білдірді