Жаңаөзен қаласында ҚМДБ «Уақып» қорының директоры тағылымды уағыз айтты
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлының қатысуымен рухани кездесу өтті.
Жамағатпен жүздескен Азамат Әбдікерімұлы тағылымды уағыз айтып,
мұсылманның өміріндегі сауапты істер мен уақыптың маңызы,
қоғамда қайырымдылық пен ізгілікті жандандырудың рухани құндылығы жайында кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ, жиналған жамағатқа «Уақып» қорының игі жобалары мен жаңа бастамалары туралы баяндап,
елдің бірлігі мен рухани жаңғыру жолында әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында мешіт жамағаты қор жұмысына табыс тілеп, уақып ісіне қолдау білдіруге ниет білдірді.