Тәуелсіздік - Алланың үлкен нығметі!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалған күні. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы заңды қабылдап, еліміз әлемге дербес мемлекет ретінде танылды. Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің ішінде тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялағанымен, бұл қадам халықтың жүрегіндегі азаттық сезімін ешқашан өшіре алмады. Бұл күн ата бабаларымыздың дұғасы қабыл болған, қан мен тер арқылы келген ұлы тарихи сәт ретінде ел жадында мәңгі қалды.
Тәуелсіздік бұл тек саяси ұғым емес. Бұл рухани еркіндік. Бұл дінін ұстануға, салтын сақтауға, тарихын тануға мүмкіндік беретін үлкен нығмет. Тәуелсіз отан Алла Тағаланың бізге берген ұлы сыйы. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай дейді:
«Әй адам баласы Шүбәсіз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық Сондай ақ бір біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар мен руларға бөлдік Шынында Алланың қасында ең құрметтілерің тақуаларың» - делінген. «Хужурат» - сүресі 13 аят.
Бұл аятта Алла Тағала адам баласының қоғам болып өмір сүруін, отан құрып, ел болып тіршілік етуін меңзейді. Әрбір ұлтқа өз жерін сүю, елін қорғау, қоғамының дамуына үлес қосу міндеті жүктелген. Қазақ халқы да бұл жауапкершілікті терең түсінген халық. Біздің ата бабаларымыз отанын қорғап қана қоймай, болашақ ұрпақтың қамын ойлап, уақып сияқты ұлы институтты қалыптастырды.
Уақып бұл тек садақа емес. Уақып бұл үзілмейтін сауап. Бұл қоғамға қызмет етудің ең биік үлгісі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде:
«Адам баласы қайтыс болғанда үш амалдан басқа барлық амалы тоқтайды. Олар: Жария садақа. пайдалы ілім және артынан дұға ететін салиқалы ұрпақ» - деген. (Имам Муслим хадистері жинағынан) . Ғалымдар бұл хадистегі жария садақаның ең кемел түрі уақып екенін айтқан.
Қазақ даласында уақып ұғымы исламмен бірге тамыр жайды. Мешіттер медреселер құдықтар жол бойындағы қонақ үйлер керуен сарайлар моншалар мен сауда орындары уақып арқылы салынды. Бұл нысандар жеке бір адамның меншігі емес, бүкіл халықтың игілігіне қызмет етті. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі мен оның айналасындағы шаруашылық нысандар соның айқын дәлелі. Ол уақыптардан түскен табыс медреселердің жұмысына шәкірттердің қажетіне және жолаушыларға қызмет көрсетуге жұмсалды. Бұл қазақ жеріндегі уақып мәдениетінің биік деңгейде болғанын көрсетеді.
Өкінішке қарай кеңес дәуірінде уақып ұғымы санадан өшірілді. Мешіттер жабылды уақып мүліктер мемлекет меншігіне өтті. Уақып сөзі тілдік қолданыстан жоғалды. Бұл дінді әлсіретудің қоғамды рухани тірегінен айырудың бір амалы еді. Себебі уақып жанданса дін күшейеді дін күшейсе ұлт рухы көтеріледі ал рухы биік ел ешқашан әлсіз болмайды.
Ата бабаларымыз бұл ақиқатты жақсы түсінген. Олар отан қорғауды иманның бір бөлігі санаған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде:
«Екі көзге тозақ оты тимейді Бірі Алладан қорқып жылаған көз Екіншісі Алла жолында отанды қорғап күзеткен көз» - деген. (Имам Тирмизи хадистері жинағынан)
Осы хадисті жүрекпен түсінген бабаларымыз ел үшін жанын қиған. Өлсек шейіт қалсақ ғазиз деген ұранмен жерін қорғап қана қоймай, келер ұрпаққа рухани және материалдық мұра қалдырды. Сол мұраның бірі уақып.
Бүгін біз тәуелсіз елміз. Ендігі міндет тәуелсіздікті баянды ету. Елдің дамуы тек экономикамен өлшенбейді. Елдің көркеюі рухани тұтастықпен өлшенеді. Егер қоғамда уақып мәдениеті жанданса мешіттер мен медреселер ғана емес, білім ғылым әлеуметтік көмек мәдениет пен қайырымдылық та дамиды. Ел уақып болса халық қамсыз қалмайды. Уақып бар жерде мұқтажға жәрдем бар жетімге қамқор бар білімге жол бар.
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін уақып ұғымын қайта жаңғырту аса маңызды. Бұл ата баба аманаты. Бұл дініміздің тірегі. Бұл елдігіміздің кепілі. Уақып арқылы біз тек садақа жасап қоймаймыз, тұтас ұлттың болашағына қызмет етеміз. Тәуелсіз елдің тірегі рухани құндылықтарда. Ал сол құндылықтардың ең көркемі уақып.
Тәуелсіздік мерекесі әрбір қазақстандықты ойландыруы тиіс. Біз ата баба жолын жалғастыра алдық па Біз ел үшін не қалдырамыз деген сұрақ әр жүректе тұруы керек. Егер уақып мәдениетін бірге дамытсақ еліміз де дініміз де қоғамымыз да көркейеді. Бұл Алланың разылығына апарар жол. Бұл Тәуелсіздікті нығайтудың ең дұрыс бағыты.
ҚМДБ «Уақып корпоративтік
қайырымдылық
қорының директоры
Азамат Абдикеримұлы

