ҚМДБ жанындағы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылықты ұштастыратын жаңа жобаны іске қосты. Жоба аясында Астана қаласындағы мешіттердің маңына арнайы LED экрандар орнатылып, онда кәсіпкерлердің жарнамалық ақпараттары көрсетіледі.
Аталған бастама адал әрі халал кәсіп иелеріне өз өнімдері мен қызметтерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жарнамадан түскен қаражат «Уақып» қорының қайырымдылық және әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Бұл жоба кәсіпкерлерге мұсылман жамағатына өз қызметтерін таныстыруға жол ашып қана қоймай, қоғам игілігіне үлес қосуға да мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта мұндай LED экрандарды еліміздің өзге өңірлерінде де орналастыру жоспарлануда.