Орал қаласындағы облыстық орталық «Ар-Рахман» мешітіне жергілікті кәсіпкер тарапынан Hyundai Tucson маркалы су жаңа автокөлік уақып ретінде сыйға берілді.
Жұма намазына жиналған жамағат алдында Батыс Қазақстан облысының Бас имамы Самат Қанатқалиұлы қызметтік автокөлікке арналған сертификатты мешіттің дін қызметкерлеріне салтанатты түрде табыстады.
Бас имам өз сөзінде бұл игі істің маңызын атап өтіп:
«Аталған уақып мешіт қызметін жандандырып, діни-ағарту және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге үлкен мүмкіндік береді», – деді.
Сондай-ақ мешіт ұжымы мен жамағаты атынан қызметтік көлік алуға демеуші болған «Шымкент жасыл қала» ЖШС директоры Ұлан Алдабергеновке алғыс хат табысталып, жомарт азаматқа шынайы ризашылық білдірілді.
Алла Тағала жасалған уақыпты қабыл етіп, кәсібіне береке, отбасына амандық нәсіп етсін.