ҚМДБ Төрағасы Бас Муфти Науразыбай қажы Тағанұлы Хазретіміздің бастамасымен Жамбыл облысында уақып аясында жаңа көпір пайдалануға берілді
Жамбыл облысы, Шөлдала алқабында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жеңілдетуге бағытталған жаңа көпір ел игілігіне пайдалануға берілді. Аталған игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Көпір құрылысына бастамашы болып, ұйымдастыру жұмыстарын Жамбыл облысы бойынша Уақып қорына жауапты маман атқарды. Бұл жоба өңір тұрғындарының күнделікті қатынасына қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік тұрғыдан маңызды мәселенің оң шешілуіне ықпал етті.
Аталған көпір – уақыптың нақты іске айналып, халыққа тікелей пайда әкелуінің айқын көрінісі. Бұл бастама ауыл тұрғындарының тұрмыстық тіршілігін жеңілдетіп, өңірдің әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізбек.