ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ ЖӘНЕ УАҚЫП
Халқымыз әрдайым дүние тіршілігіндегі жандарды қадірлеп, дүниеден бақилыққа аттанғандарды құрметтеген. Тіпті, жастарға өнеге болсын деген ниетпен халық арасында өзінің білімі әрі имандылығымен есте қалған бабаларға арнайы кесене де тұрғызған. Солардың бірі әрі бірегейі – Ахмет Ясауи кесенесі.
Қожа Ахмет Ясауи – түркі халықтарының ислам өркениетіндегі рухани жетекшісі, сопылық ілімнің көрнекті өкілі. Оның құрметіне XIV ғасырдың соңында Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында тұрғызылған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бүгінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Кесене тек сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы діни-ағартушылық, мәдени, саяси орталық қызметін атқарып келген. Бұл кесене Әмір Темір заманынан бастап уақып жүйесіне енгізілген. Тарихи деректерде кесене жанындағы ауылдардан, егіндік жерлерден, базарлардан түскен табыс уақып ретінде кесенені күтіп-ұстауға, зияратшыларға қызмет көрсетуге, медресе шәкірттерін оқытуға жұмсалғаны айтылады.
Кесенеге қарасты уақыптар: жер иеліктері (егіндік, бау-бақша, жайылымдар), сауда орындары мен керуен-сарайлардан түскен табыс, қайырымдылыққа бағытталған дүниелер мен ақшалай қаражаттар, суға байланыстыларды да (құдық, арықтар және т.б) қамтыған.
Уақып жүйесінің арқасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек діни орталық емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау, білім беру және мәдени ошақ қызметін атқарды.
Бұл кесене тұрғызылған алғашқы кезден бастап уақыптық мәртебеге ие болды.
XVI–XVII ғасырларда Қазақ хандығы дәуірінде де кесене уақыптық мәртебесін сақтап қалды. Қазақ билеушілері Қожа Ахмет Ясауи кесенесін саяси-рухани орталық ретінде пайдаланып, оған жаңа уақыптық иеліктер қосып отырды.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің уақыпқа берілуі – қазақ және жалпы түркі тарихындағы ерекше құбылыс.
Бүгінгі таңда уақып мәселесін зерттеу әрі оны қазақ руханиятына таныта білу-басты мәселелердің бірі болып қала бермек.
Жетісай аудандық «Нұғман» мешіті
«Уақып қоры» бөлімінің маманы: Н.Жакипов