Кремация – шариғатқа қайшы іс [1]. Кремация (лат. Crematio, cremare – өртеу) – мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі. Алғаш рет соңғы неолит пен қола кезеңдерінде пайда болған (б.з.б. 3 – 2 – мың жылдықтар).
Ежелгі гректер мен римдіктер адам мүрделерін өртеуде кеңінен қолданады. Жапонияда, Үндістан мен Оңтүстік – Шығыс Азияның басқа да елдерінде кремация ертеден бар. Кремация будда дінінің өлік жөнелту қағидаларымен байланысты қалыптасқан.
Еуропа елдерінде кремация христиан шіркеуі шамандық, яғни «дінсіз» халықтардың салты деп жарияланды. Оның үстіне, христиандар ұғымында кремация библиялық «қайта тірілу», «о дүниедегі өмір» ілімдеріне қайшы келетін болды. Тек 19 ғасырдың екінші жартысында ғана Еуропада кремация қайтадан қолдана бастады. Арнаулы пештер – крематорийлар кеңінен тарады (алғаш рет 1876 жылы Милан қаласында салынды). Еуропада өртенген мәйіттің күлін жерге көмеді немесе арнаулы урналарда сақтайды.

Қайтыс болушының денесін арнайы пеште өртеп, күлін жерлеу; көптеген ежелгі заман халықтарындағы «жалынмен жерлеу», соның ішінде ежелгі славяндардың жерлеуінің бір түрі.
Ислам шариғатында мұсылмандардың мүрделерін кремация (өртеу) арқылы жерлеуге болмайды. Бұл – адамзат жаратылысының ардақтылығына қайшы келетін іс. Жаратқан Иеміз Құранда адамзатты ардақты етіп жаратқанын айтады. Әрі пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір жәндікті отпен жазалауға болмайтынын ескерткен. Құран Кәрімде жерлеудің нақтылы үлгісі Абыл мен Қабыл оқиғасында баяндалса, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғат бұйрығына сай мәйіттерді жерге көму арқылы ғана жерлеген [1].
Пайдаланған әдебиеттер:
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.