Ертеректе халық арасында қайтыс болған адамды арулап, ақыретке аттандыру барысында орындайтын «дәуір айналдыру» деген рәсім болған. Бұл салт – рәсім еліміздің аймақтарында «дәуір айналдыру», «дәуір жүргізу», «дәуір көтеру», «ысқат шығару», «підия», «садақасын беру» т.б. әртүрлі атаулармен аталады. Дәуір айналдыру салты, негізінен, қайтыс болған адамның оқылмаған намазы мен тұтпаған оразасы үшін жасалады. Ханафи мәзһабы бойынша ауру адам ишарамен де намаз оқи алмаса, сондай – ақ, рамазан айында аузын жолаушы сапарда және науқас ауруынан жазылмастан дүниеден өтетін болса, бұл уақытта оқи алмаған намазы және оразасы мойнынан түсіріледі. Сондықтан артында қалған ұрпақтарына підия беруін өсиет етпеуіне болады. Ал рамазан айында үзірсіз аузын ашқан адам артынан қалған ұрпақтарына підия беруді өсиет етуі міндет.
Алла Тағала Құранда: «Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндері өтесін. Және сондай оразаға шамасы жететіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін» [1] десе, Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде: «Кімде – кім өтелмеген оразасы бар халінде дүниеден өтер болса, әр күнде бір міскінді тамақтандырсын», - деген [2].
Жалпы, шариғатта қаза намаздың підиясына қатысты нақты үкім болмағанмен, ауыз бекітуге денсаулығы жоқ мүсылмандардың отыз күн ораза үшін отыз адамның сәресі мен ауызашар асын беріп, підия жасауға рұқсат берілген. Бұл дәлелдер оразаға байланысты келгенімен намаз одан да маңызды ғибадат болғандықтан, ханафи мазһабының ғалымдар намазды оразамен салыстыра отырып, оқылмай қалған әр намазға бір күндік оразаның підиясын беруге болады дейді.
Ибн Абидин: «Кімнің парыз намаздары қаза болып, ишарамен болса да намазды өтеуге шамасы келе тұра оқымаса, әрбір қаза болған намазына жарты сағ (1.625 гр) бидайдан кәффаратын өтеуге өсиет ету тиіс. Үтір намазының үкімі де осы тәрізді» (Иб Абидин «Хашият», 1/492) дейді. Ибн Аббастан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Ешкім біреудің орнына намаз да оқымайды, ораза да ұстамайды. Бірақ оның атынан әр күніне бір «муд» (өлшем бірлік) бидайдан (міскіндерді) тамақтандырады» [3].
Егер өсиет денемен құлшылық етілетін парыз – амалы болған жағдайда басқа да өсиеттер тәрізді мал – мүлікпен орындалатын амалдарға айналады. Себебі, Алла Тағала быйлай дейді:

«Адам тек өзі істеген істердің ғана нәтижесін көреді» [4]. Бұл аяттан кім өсиет етсе, өзі істеген істердей болатынын түсінеміз.
Өсиетті орындау үрдісі марқұмның артынан қалған дүниесінің үштен бірінен беріледі. Пітір садақа берілетін мөлшерді, яғни бидайдан жарты сағ (1.625 гр), құрма, мейіз, арпадан бір сағ беруі міндет болады. Өсиет етпеген болса, уәли иелеріне (бала – шағасы, туысқандарына) кәффаратын өтеу міндеттелмейді.
Ал марқұм өсиет етпеген жағдайда оның атынан уәлилері немесе жанашыр адамы підия берсе болады. Имам Мұхаммед марқұм өсиет етпестен артынан берілген підиясы жайында сұралғанда, Алланың қалауымен марқұмға пайдасы болады деген. Ас өсиет еткен марқұмның підиясы жайлы сұралғанда, нақты пайда береді деген.
Енді марқұмның қалдырған малының үштен бірі оқымаған намаздары мен ұсталмаған оразаларына жетпей жатса, жиналған малды кедейге береді, кедей оны қайта уәлиге сыйлық етіп береді, яғни «алдым – бердім» деп берген садақаны мойнындағы ораза және намазы толық түскенінше айналдырады («Марақил фалах», 169 – бет).
Шариғат ғалымдарының көпшілігі шариғат негізінің әлсіздігіне орай дәуір айналдыру және садақаға берілген мал – мүлік қаза құлшылықтың орнын дәлме – дәл баспайды деп біледі. Шынтуайтында, дәуір, ысқат – исқатуссалат шариғат ғалымдары тарапынан намазын өмір бойы еш қаза етпей, тек дәлелді себептермен бірнеше намазы қаза болған мұсылман үшін енгізілген. Ал ғұмыр бойы парыз ғибадаттарын тәрк етудің күнәсі аса зор. Сондықтан материалдық құндылықпен есептелмейтін теңдессіз құлшылық – ғибадатты ешқашан да қаза етпеуге тырысып, ал қаза болғандарын уақытында өтеген абзал.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
«Бақара» сүресі, 184 – аят
-
Хадистер жинағы
-
Нәсәи риуаяты.
-
«Нәжім» сүресі, 39 – аят
-
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Е.А.Оңғаров, С.З.Ибадуллаев. Жаназа және жерлеу рәсімдері – Астана, 2018 – 148 б.