Уақып – жария садақа, Алла жолында жасалатын жақсылықтардың бірі.
?Садақаның ең жақсы түрлерінің бірі – «Садақа әл-Жария» – «Үздіксіз садақа», оның сауабы адам қайтыс болғаннан кейін де жалғаса береді.
?Алла Tағала Құранда: «Алла жолында мал-мүлкін садақа қылғандар жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді» [1], немесе басқа бір аятта: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» [2], деп жеткізген. Демек, Алла жолында шын ниетпен жасалған садақаның есесін Алла Тағала еселеп қайтаратыны анық айтылған.
?Уақып жайында бірнеше хадистер бар, олардың бірі Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: Жария берілген садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салихалы ұрпақ» [3].
?Тағы бір хадисте: «Адамдар қайтыс болған кезінде бүкіл амалдары тоқтатылады. Бірақ үш амалдың сауабы тоқтамайды. Олар: жалғасын тапқан садақа, пайдалы ілім және артынан дұға ететін салиқалы ұрпақ» [4], делінген.
?Жоғарыдағы келтірілген аяттар мен хадистерде уақып қылу – Аллаға ұнамды болған амал екендігі ашық түрде баяндалып отыр. Алла Тағала уақып қылушылардың амалдарын қабыл етсін?
[1] Бақара сүресі, 261-аят.
[2] Әнғам сүресі, 160-аят.
[3] Муслим хадистер жинағы
[4] Муслим, Уәсаят , 15. Бұқари, Әдәбул муфрад, 18,14. Әбу Дәуіт, Сунәнул Әбу Дәуіт, Истанбул, 1992, Уәсая, 14.