Петропавл қаласында орналасқан Лор орталығының иесі Әлібек Серікұлы уақыпнама алды.
Уақыпнаманы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Уақып” қорына жауапты маман Мухаммад мырза ресми түрде табыстады.
Әлібек мырза Алла жолындағы сауапты іске үлес қосу мақсатында өз кәсібінен түсетін табыстың бір бөлігін ай сайын Уақып қорына тұрақты түрде аударып отыруға ниет білдірді. Бұл – сауабы үзілмей жалғасатын жария садақаның көркем үлгісі, қоғам игілігіне бағытталған ізгі қадам.
Осы сауапты бастамасы үшін Уақып қоры Әлібек мырзаға шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған амалын қабыл етіп, кәсібіне береке, табысына молшылық, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!

